16:26 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2038 0 0

"Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттері біріктіріліп, дербес "Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамы ретінде құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева екі республикалық басылымның ресми түрде біріктірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болып отыр. Еліміздің ең басты басылымдары – "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттері біріктіріліп, дербес "Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Оның басқарма төрағасы етіп елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым", - деп жазды Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда министр жүз жылдық тарихы бар газеттерді біріктірудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы.

"Әрине, екі газетті біріктіру оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. "Казахстанкая правда" газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы, бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергісін келтірмейді", - дейді Балаева.

Министрдің ойынша, екі республикалық басылымды біріктіргеннен кейін елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыда қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артады. Бұдан бөлек, әкімшілік-шаруашылық штатты қысқартудың арқасында қаржы үнемделеді. Соның есебінен шығармашылық ұжымның табысын арттырып, сапалық құрамын күшейтуге мүмкіндік болады. Ал, ең бастысы, республикалық бас басылымдардың мазмұны мен контенті жаңа деңгейге көтеріліп, бәсекеге қабілеті күшейе түседі, дейді ол.

Загрузка...

Басты тақырып