Қоғам

Цой қауіпті аймақта тұрған өңірлер туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Қазір елдің тоғыз өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. 4 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустың таралуы жағынан "қызыл" аймақта тоғыз өңір тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикадағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы үш апта бойы ауыру динамикасы бір деңгейде сақталып тұр. Өткен аптада вирус жұқтыру 2%-ке төмендеді, өлім-жітім көрсеткіші бұған дейінгі деңгейде", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қауіпті "қызыл" аймақта 9 өңір орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Жамбыл мен Павлодар облыстары бұл аймаққа өткен аптада кірді.

"Сары" аймаққа 5 өңір енді: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта үш облыс тұр: Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді

Цойдың мәліметінше, қазір республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 42%-і, ал жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 28%-і бос емес.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарындағы инфекциялық стационарларда науқастар көп.

Жаңалықтар
0