16:50 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Эпидемиолог маман баланың бойында коронавирустың ауыр формасын қалай байқауға болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Ресейдің эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Александр Горелов коронавирустың ауыр формасының негізгі белгілерін атады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Балада демікпе, сондай-ақ, дене қызуы үш күн бойы түспей тұрса, қосымша диагностика жасау қажет. Атап айтқанда, рентгенографиядан өткен дұрыс. Ал өзгерістер байқалса, ауру меңдей түсті. Ондайда ағзаның бірнеше органына зақым келуі мүмкін. Бұл - адамды ауыр жағдайға түсіретін асқынулар", - дейді Горелов. 

Эпидемиолог коронавирустың ауыр формасына әкеліп соқтыратын тағы бір симптомға тоқталды. Ол – бөртпе. Бұл өзгеріс коронавирусқа Кавасаки синдромының қосылғанын көрсетеді.

Оның айтуынша, мұрынның бітелуі аса қаупті емес. Алайда оны да міндетті түрде емдеу керек.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамнан коронавирус табылды. Жалпы, пандемия басталғалы бері ПТР-тестпен 330 071 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Олардың ішінде балалар да аз емес.

Оқи отырыңыз: Цой енді кімдер екі аптаға карантинге жіберілетінін айтты

Загрузка...

Басты тақырып