01:08 18 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD427.41
  • EUR519.47
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (199)
357 0 0

Вакциналанған адамдар вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанына қарамастан оқшауланбайды. Бірақ дәрігердің бақылауында болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Вакциналаудың толық курсынан өткен қазақстандықтар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойған еді.

"COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алғандардан ауруханаға кез келген себеппен жатқан кезде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, еңбек демалысынан, іссапардан келген, денсаулығына байланысты жұмыс орнында болмаған вахталық жұмысшылар мен медицина қызметкерлерінен, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінен, сондай-ақ басқа адамдардан ПТР-тест талап етілмейді", - деді Цой үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны біршама азайды 

Сонымен қатар, вакциналанған адамдар вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанына қарамастан оқшауланбайды. Бірақ дәрігердің бақылауында болады.

Вакцина салдырған кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне көшірілмейді.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (199)

Тақырып бойынша

Қытайлық вакцинаны кімдерге салуға болмайды - комитет жауабы
Локдаун, коммендаттық сағат және карантин: әлемде не болып жатыр?
Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді
Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа тағы екі өңір кірді
Цой енді кімдер екі аптаға карантинге жіберілетінін айтты
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып