Қоғам

Цой енді кімдер екі аптаға карантинге жіберілетінін айтты

© AP Photo / Martin MeissnerСтудент сдает образец ПЦР-теста для анализа на коронавирус
Студент сдает образец ПЦР-теста для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Үндістанда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жаңа штаммның елге енуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдануда

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Үндістаннан Қазақстанға келген азаматтар үй карантиніне жіберіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік Үндістанда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жаңа штаммның елге енуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады.

"Қазақстанға келетін адамдар, соның ішінде үшінші елдер арқылы, және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барғандар үйде оқшауланады. Үй карантині - 14 күн. Азаматтар коронавирусқа қарсы ПТР анықтамасы болса да, індетке қарсы вакцина алса да, карантинге жіберіледі", - деді Цой үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны біршама азайды

Айта кетсек, қазір Үндістанда күн сайын 400 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырады.

Жаңалықтар
0