Қоғам

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа тағы екі өңір кірді

© Sputnik / Тимур БатыршинКөктем, архивтегі сурет
Көктем, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" және "сары" аймақтар жаңарды, екі өңір қауіпті зонаға кірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы қауіпті "қызыл" аймаққа кірді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 мамырдағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.

Бір күн бұрын Жамбыл облысы мен Шымкент "сары" аймақта орналасқан еді.

Ал Алматы облысы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" ауысты.

"Сары" аймақ: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақ: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Тағы оқыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Өткен тәулікте республикада 2496 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп отыр. Пандемия басталғалы елде індетке шалдыққандар саны 327 995 адамға жетті.

Жаңалықтар
0