Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сауда үйінің жанындағы жеке үй өртенді – видео

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Нур-Султана Горящий сухостой
Горящий сухостой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2021
Жазылу
Өрт елордадағы ескі базардың маңында болды, оған қураған шөптің өртенуі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Астаналық өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы өртті сөндіріп жатыр, шамамен үш жүз шаршы метрге жалын шарпыды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, 2 мамырда сағат 12.22-де өрт сөндірушілер Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайына аттанды. Айта кету керек, бұл мекенжайда "Гарант Авто Сити" сауда-кеңсе орталығы, ал қасында "Джафар" сауда үйі орналасқан.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қураған шөптің жанып жатқанын, өрт жақын жердегі жеке үйге шарпығанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша шамамен 300 шаршы метр аумақ өртенген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 15 адам және үш техника жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД.

Департамент құрғақ шөп кез келген уақытта тұтанып кетуі мүмкін екенін және өрт күш алған жағдайда оны тоқтату өте қиын болатынын еске салды. Құтқарушылар азаматтардан демалатын жерлерде от жақпауды және темекі тұқылын қалдырмауды, сондай-ақ өз аумағындағы құрғақ шөптер мен қоқыстарды уақытында тазартуды сұрайды.

Жаңалықтар
0