Қоғам

Дәрігер 45 жастан кейін жиі жеуге болмайтын тағамдарды атады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПосуда
Посуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2021
Жазылу
Кейбір бактериялар ет, ірімшік пен жұмыртқадан өте улы қоспа жасап шығарады, дейді Александр Карасев

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Ет, ірімшік пен жұмыртқаны шамадан тыс тұтыну 45 жастан асқан адамдарды инсультке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Александр Карасев айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Дәрігер аптасына екі реттен артық қызыл ет жемеуге шақырды, оның мөлшері 150 грамнан аспауы керек.

Оқи отырыңыз: Дәрігер коронавирус кезінде нені жеуге болмайтынын айтты 

Карасевтің айтуынша, кейбір бактериялар жоғарыда аталған өнімдерден өте улы қоспа жасап шығарады.  

"Ол триметиламин деп аталады. Біздің бауырымыз одан арылуға тырысады, оны қышқылдандырады, қоспаға ТМАО деген атау берілген. Ол эндотелийге тікелей зиян келтіреді", - деп түсіндірді дәрігер.

Карасев эндотелий зақымданса, глюкоза ауытқып, атеросклеротикалық түйіншектер пайда болатынын атап өтті.

Кедір-бұдыр атеросклеротикалық түйіншектердің айналасында қанның турбулентті қозғалысы басталып, тромбоз (қан ұю) пайда болады, ал бұл инфаркт пен инсультке әкеп соқтырады.  

Жаңалықтар
0