Қоғам

Маман мамыр айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда тұрғындары
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Мамырда кейбірі жерге таласып қалуы мүмкін, сонымен қатар, астролог көлік жүргізушілеріне осы айда сақ болуды ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посткеңестік елдердегі тұрақсыздық

Жұлдызнамашының айтуынша, мамыр айында әлем елдерінде саяси жағдай ушығып, билікте өзгерістер болады. Геосаясат пен экономикадағы ықпалға күрес жалғасады.

"Ресей мен посткеңестік елдерде тұрақсыздық байқалады. Аймақтық қақтығыстар болжанып отыр. Жанжалға, әсіресе мұнай, газ құбырымен байланысты мемлекеттер тартылуы мүмкін", - деп ескертті Әбдірайымова.

Сонымен қатар вакцинация талабы күшейеді. Әуе қатынасына шектеу енгізілуі ықтимал.

Маманның болжамынша, айдың екінші жартысында "қара алтын" бағасы құбылады. Мұнай, бензин, мұнай құбырларымен байланысты апатты жағдайлар орын алуы мүмкін.

Айдың тұтылуы

Бұдан бөлек, ғаламшар халқы 26 мамырда Айдың толық тұтылуына куә болады. Астрономиялық құбылыс Австралия, АҚШ пен Оңтүстік Американың батысында,  Оңтүстік-Шығыс Азияда көрінеді.

"Айдың тұтылуы адамдарға күшті эмоция, көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ ол алған бетінен қайтпау, дауласу, пікірталасты білдіреді. Бұл кезеңде қомақты ақшаға тауар сатып алмаған жөн. Ұрыс-керістен аулақ жүруге тырысу керек. Өйткені артық сөз айтып, ренжітіп алуыңыз мүмкін, тіпті өтірікпен шындықты бұрмалап жіберуіңіз ғажап емес", - дейді астролог.

Әбдірайымова Айдың тұтылуына үш күн қалғанда, бір апталық диетаға отыруға немесе ұзақмерзімді арықтау процесін бастауға кеңес берді. Бұл уақытта денсаулыққа зиянды тағамдарды жемей, жаман әдеттерден арылған абзал.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Оның болжамынша, осы айда энергия, негізінен, үй мен  отбасылық проблемаларды шешуге бағытталады. Адамдар бір ай бойы ішкі түйсігіне сеніп, бейсаналы түрде әрекет етеді. Жаңа дүниелерге сенімсіздікпен, күмәнмен қарайды, алды-артын бағамдайды. Отбасына, жақындарына, сүйіктілеріне, Отанына қауіп төніп тұрғанын сезсе, еш нәрседен тайынбайды. Бұл кезде оларды тоқтату мүмкін емес.

Сонымен қатар, астролог мамырда ұлттық негізде халықаралық қақтығыстар болуы мүмкін екенін болжады. Кейбірі көршілерімен жерге таласып қалуы мүмкін.

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрыс-керіс жиілейді деп күтілуде.

Адамдардың көбі тарихи Отанын аңсап, атажұртына қоныс аударуға бел буады.

Мамырдың әр күніне болжам

1-3 мамыр – идея көп, бірақ оны жүзеге асыруға энергия жетпейді, есесіне ақыл-ой жұмысы үшін жақсы кезең.

5-7 мамыр  – серіктестік қарым-қатынас, романтикалық кездесу, таныстық, махаббат уақыты. Ортақ қаржы, алимент, мұра, неке келісімшартына қол қою секілді мәселелер оңай шешіледі.

7-8 мамыр – шығындар артуы мүмкін, инвестиция құярда асығыс шешім қабылдамай, ысыраптан аулақ болыңыз.

9 мамырда адамдар өз теңін табуы мүмкін.

10-13 мамыр – белсенділік, бастамашылық артады, су және жермен байланысты жұлдыз белгілерін тосын сый күтіп тұр. Логикалық, сыни ойлау жүйесі жақсы жұмыс істейді.

13-14 мамыр – романтизм, рухани даму, түсіністік.

16-18 мамыр – адамның күш-қуаты тасып, еңбекке деген ынтасы артады, өз-өзіне сенімділік пайда болады, көп мәселе, әсіресе, құқыққорғау және күш құрылымдарымен байланысты проблемалар оң шешімін табады.

19-20 мамыр – ұзақ әрі бақытты қарым-қатынас құруға таптырмас кезең. Жан тыныштығы, үйлесімділік, әділдік.

Бірақ айдың соңғы он күндігінде мазасыз күндер басталады. Бір жағынан адамдар бір-бірімен араласуға, шер тарқатуға, жаңа ақпарат алуға ұмтылады. Десе де сақтықта қорлық жоқ: жалған ақпараттың құрбаны болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ астролог көлік иелеріне рөлде мұқият болуды ескертті.

20 мен 29 мамыр аралығы – медициналық тексерістен өтуге, диагноз қоюға қолайсыз кезең.

Торпақ, Тауешкі, Сарышаян, Шаян, Балықтар белгісінде туғандарға жыл бойы сәттілік серік болады.

Жаңалықтар
0