Қоғам

"Қоңыр дауысты әнші еді": президент Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айтты

© Photo : bobbi7Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото
Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Президент халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленіп, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Ескендір Өтегенұлын халқымыз қоңыр дауысты әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде өте жақсы көрген еді. Ол ұзақ жылғы шығармашылық жолында жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Хасанғалиевтің халқымызға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалар тарту еткенін атап өтті. Оның "Атамекен", "Анаға сәлем", "Есіңе ал", "Айналайын", "Әдемі-ау", "Гүлсезім" және басқа да тамаша туындылары ел ішінде кеңінен тарап, жоғары бағасын алған.

"Халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленді. Еліміздің өнері мен мәдениетін өркендетуге атсалысып, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайды, есімі халқымыздың жадында сақталады", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Ескендір Хасанғалиевпен сұхбат: өнерге қалай келгені, әндері және отбасы жайлы

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 30 сәуірде 81 жасында дүниеден өтті.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан болатын.

Жаңалықтар
0