Қоғам

"Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды: алты облыс тұрғындарына көмек көрсетіледі

© Sputnik / Абзал КалиевПродукты, предназначенные для наборов гуманитарной помощи в рамках акции "Вирус добра"
Продукты, предназначенные для наборов гуманитарной помощи в рамках акции Вирус добра - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
"Дегдар" қорының директоры Лаура Ахметова "Елбасы жылуы" акциясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынғанын айтады

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда Елбасының бастамасымен "Елбасы жылуы" ауқымды қайырымдылық акциясы басталады, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен "Дегдар" қайырымдылық қоры акция аясында республикадағы мұқтаж жандарға көмектеседі. Акция аясында Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облысынан 681 отбасыға азық-түлік, алғашқы қажетті тауарлар жеткізіледі.

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және Ұлы Отан соғысының қатысушылары бар жанұяларға көмек көрсетіледі.

Мұқтаж 681 отбасының әрқайсысы 132 келі шамасында азық түлік тауарын алады. Оның ішінде 25 келі ұн, 25 келі картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шай, қант, күнбағыс майы, гигиеналық құралдар бар.

Коронавирус пандемиясы әлем елдері үшін ауыр сынақ болды. Әрі қамқор жандардың қайырымдылық бастамасының көбеюіне айтарлықтай серпін берді.

"Кейінгі жылдары ұйымның мұқтаж жандарға қалай көмектескеніне мыңдаған адам куә болды. Бұған қоса Елбасы бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорының аясында миллиондаған жерлесімізге азық-түлік, медициналық құрал-жабдық және қаржы түрінде көмек көрсетілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Ол қордың карантиннің алғашқы күнінен бастап дәрі-дәрмек сатып алуға және медицина қызметкерлерін қолдауға 200 миллион теңге бөлгенін атап өтті.

Мақсат – мұқтаж жандарға көмектесу

"Дегдар" қорының директоры Лаура Ахметова "Елбасы жылуы" акциясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынғанын айтты. Оның мақсаты – мұқтаж жандарға көмектесу.

"Дегдар" қоры Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірге талай шаруаны қолға алды. Мұқтаж жандардың өтінішіне құлақ түріп, талдау жасап, тауарды сатып алу мен жеткізуді қамтамасыз етті. Қайырымды бұл істі өзгелер де жалғастырып, насихаттайды деп сенеміз. "Елбасы жылуы" акциясы басқа ұйымдарға үлгі-өнеге болады деп үміттенеміз", – деді Ахметова.

Оқи отырыңыз: "Қиналып кеттім": қазақстандықтар жалғызбасты әкеге бір бума ақша жинап берді – видео

Айта кетейік, 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулер кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоры мұқтаж отбасыларға 50 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек берді.

Жаңалықтар
0