Қоғам

Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден төленеді

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото медали "За отвагу"
Архивное фото медали За отвагу - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Биыл жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысқан 123 адамға миллион теңгеден беріледі

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Алматыда Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге миллион теңгеден төленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін Алматы қаласы мәслихаты жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек беру туралы ұсынысты қолдады", - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еңбек майданына қатысушылары әрі бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлердің жұбайы 50 мың теңгеден алады.

Осылайша биыл жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысқан 123 адамға миллион, 4 мыңға жуық адамға 100 мың, 12 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден беріледі.

100 мың теңге жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне төленеді.

Оқи отырыңыз: Министрлік Мәскеуде өтетін әскери парадқа қатысты ақпарат таратты

Еңбек майданына қатысушыларға, ҰОС қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 50 мың теңгеден беріледі.

Айта кетейік, елордада 25 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Оларға да биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

Жаңалықтар
0