Қоғам

Цой Қазақстанда вакцинаны тағы кімдер тегін салдыра алатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневВакцинация в ТРЦ "Мега" в Нур-Султане
Вакцинация в ТРЦ Мега в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Елімізде үш айдан астам уақыт жүрген еңбек мигранттары мен шетелдік студенттер тегін вакцинамен қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Енді шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да COVID-19-ға қарсы вакцинаны тегін салдыра алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазір вакциналау қазақстандықтар үшін де, ел аумағында тұрақты тұратын және ықтиярхаты бар азаматтар үшін де тегін екенін атап өтті.

"Бұдан бөлек, күні кеше коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл тізім кеңейтілді. Енді ел ішінде үш айдан астам уақыт жүрген еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерге ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін вакцина тегін егіледі", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қашан маскасыз жүреді – министр жауабы

30 сәуірдегі жағдай бойынша 1 184 124 адамға вакцинаның бірінші компоненті егілді, екінші компонент 239 965 адамға салынды.

Бүгінде қазақстандықтар ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналары арасында таңдау жасай алады. Сонымен қатар америкалық компаниялармен де вакцина жеткізу туралы келіссөз жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0