Қоғам

Қазақстан вакцина шығаратын америкалық компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевВакцинация населения против коронавируса в Казахстана
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі америкалық компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатқанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина шығарған америкалық компаниялармен келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз, шынымен де, жетекші америкалық компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда вакцинаны жеткізу бойынша нақты дата жоқ. Негізінен, осы жылдың екінші жартыжылдығы көрсетілуде. Келіссөз аяқталған бойда біз препараттарды жеткізу мерзімін нақтылаймыз", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Бүгінде Американың бірнеше компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина әзірледі. Олардың арасында Pfizer, Johnson & Johnson және Moderna бар.

Оқи отырыңыз: Министр Цой төтенше жағдай режимі туралы айтты

Бұған дейін Қазақстан Pfizer компаниясымен осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап вакцина жеткізу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарланған еді.

Қазір қазақстандықтар ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналары арасында таңдау жасай алады.

Жаңалықтар
0