Қоғам

Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевГлавный санитарный врач Казахстана Ерлан Киясов
Главный санитарный врач Казахстана Ерлан Киясов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Қиясов тез таралатын коронавирустық инфекцияның жаңа штаммдары денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қауіпті деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір - Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

"Мен сіздерден коронавирустық инфекция кең таралған елдерге барудан бас тарта тұруларыңызды сұраймын. Қазіргі кезде кең таралған елдер санатында Үндістан, Түркия, Еуропаның кейбір елдері мен Латын Америкасы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар", – деді Қиясов.

Ол коронавирустық инфекцияның жылдам жүретін және тез таралатын жаңа түрі қоғам мен жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қауіпті екенін атап өтті.

"Демалысты кейінге қалдыра тұрыңыз. Өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз үшін ғана емес, жақындарыңыздың өмірі үшін де өте маңызды", – дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған дұрыс па, әлде вакцина салдыру керек пе - маман жауабы

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте республика бойынша коронавирус инфекциясы 2 883 адамнан анықталды.

Жаңалықтар
0