Қоғам

QazVac вакцинасын қанша адам салдырды – министрлік есебін жариялады

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60% вакцина салдыруы керек, деді Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова да отандық QazVac вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, комитет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында екпе алды.

Вакцинация против Covid-19 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Қоғам
Алматыда вакцина салдырғанын айғақтайтын паспорт сатылып жатыр ма – басқарма жауап берді
"Вакциналау - пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі. Сондықтан вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың вакцинаға деген сенімін арттыру өте маңызды. Мен мысал ретінде вакциналаудың мүлдем қауіпсіз және тиімді екенін көрсеткім келді. Біз бәріміз неғұрлым тез вакцина салдырсақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз өмірге ораламыз", - дейді Есмағамбетова.

Осы орайда комитет басшысы QazVac шыққаннан кейін вакцина таңдау мүмкіндігі пайда болғанын ерекше атап өтті.

"Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін бізде халықтың 60% вакцина салдыруы керек. Тек осылай ғана вирустың айналымын тоқтатуға болады", - деп атап өтті Есмағамбетова.

Айта кетейік, осы аптаның басында коронавирусқа қарсы отандық "QazVac" вакцинасын егу шаралары басталды. Бұл екпе де екі дозадан тұрады. Бірақ бір флаконы бір адамға ғана арналған. Бұдан бөлек, отандық вакцинаны мұздатудың қажеті жоқ. Оны +2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақтау қажет.

Жаңалықтар
0