09:15 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (195)
38 0 0

Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60% вакцина салдыруы керек, деді Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова да отандық QazVac вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, комитет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында екпе алды.

"Вакциналау - пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі. Сондықтан вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың вакцинаға деген сенімін арттыру өте маңызды. Мен мысал ретінде вакциналаудың мүлдем қауіпсіз және тиімді екенін көрсеткім келді. Біз бәріміз неғұрлым тез вакцина салдырсақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз өмірге ораламыз", - дейді Есмағамбетова.

Осы орайда комитет басшысы QazVac шыққаннан кейін вакцина таңдау мүмкіндігі пайда болғанын ерекше атап өтті.

"Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін бізде халықтың 60% вакцина салдыруы керек. Тек осылай ғана вирустың айналымын тоқтатуға болады", - деп атап өтті Есмағамбетова.

Айта кетейік, осы аптаның басында коронавирусқа қарсы отандық "QazVac" вакцинасын егу шаралары басталды. Бұл екпе де екі дозадан тұрады. Бірақ бір флаконы бір адамға ғана арналған. Бұдан бөлек, отандық вакцинаны мұздатудың қажеті жоқ. Оны +2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақтау қажет.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (195)

Тақырып бойынша

Министр Ермекбаев вакцинадан кейінгі жағдайын айтып берді
Тоқаев қоронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды
Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады – министрлік түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанда QazVac-пен вакциналау басталды: астаналықтар екпе туралы не дейді - видео
Загрузка...

Басты тақырып