Қоғам

Тұңғыш президент елордадағы университетке неге өз есімін беруге келіскенін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновНазарбаев университет
Назарбаев университет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Назарбаев университетінің табысты болғанын, әлемде мойындалғанын қалағандықтан оған өз атымды беруге келістім, дейді Елбасы   

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астанадағы Назарбаев университетіне неге өз есімін бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен алғаш рет өз есімімді беруге келіскен нәрсе, ол астанадағы Назарбаев университеті. Өйткені мен оның табысты болғанын қаладым. Қазір ол табысты, әлемде мойындалған университет", - деді Назарбаев ҚХА-ның 29-шы сессиясында.

Сонымен қатар ол жасанды интеллект университетін салу жоспарда бар екенін мәлімдеді.

"Университет Алматыда ашылуы мүмкін", - деді Елбасы.

Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан қиын күндерді бастап кешіргенде, "Болашақ" бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды 

"1993 жыл. Ақша жоқ, зейнетақыны төлей алмаймыз. Сондай қиын кезеңде біз "Болашақ" бағдарламасын іске қостық. Мемлекеттің стипендиясына балаларды шетелге жібере бастадық. Бәлкім біреу біледі, біреу білмейді, бір адамға жолын, медициналық сақтандыруды және тағы басқасын қосқанда бір жылда 50 мың доллар жұмсалатын", - деп еске алды ол.

Айтуынша, қазір шетелде білім алған он бес мыңға жуық маман Қазақстанда жұмыс істеп жүр.

Айта кетсек, бүгін астанада тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Елбасы ҚХА төрағалығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Сессия соңында Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды.

Жаңалықтар
0