Қоғам

Министр Ермекбаев вакцинадан кейінгі жағдайын айтып берді

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация населения против коронавируса в Казахстане
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Жағдайым жақсы, өзімді тамаша сезініп тұрмын, деді Ермекбаев

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев коронавирусқа қарсы вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, екпе алдым. Жағдайым жақсы, өзімді тамаша сезініп тұрмын", - деді Ермекбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Бүгін алдағы мерекелерге арналған шарада министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 9 әскери медициналық мекемелерде екпе егу пункттері ашылды.

Оқи отырыңыз: Министр Цой отандық вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтты

"Сондай-ақ, әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша кез келген емханада вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін жеке құрамның 35 проценті коронавирусқа қарсы екпе екті", - деп атап көрсетті Ермекбаев.

Айта кетейік, 25 сәуірде өткен онлайн брифингте қорғаныс министрлігі басшылықтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған болатын. Екпе алғандардың арасында министр Ермекбаев та бар.

Жаңалықтар
0