Қоғам

Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды

© Sputnik / Болат ШайхиновГлава РК Нурсултан Назарбаев на XXVI сессии Ассамблеи народа Казахстана
Глава РК Нурсултан Назарбаев на XXVI сессии Ассамблеи народа Казахстана   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА XXIX сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

Сессия жұмысына алты жүзден аса адам онлайн қатысып жатыр. Олардың арасында барлық өңірдегі Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылым, шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері бар.

Сессия Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Қоғам
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясын шақыруды тапсырды
Ассамбелеяның басты міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шықты.

2007 жылы мамырда Қазақстан Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР парламенті мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды.

2008 жылы 20 қаңтарда "Қазақстан халқы Ассамблеясы" туралы заң қабылданды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

Қазақстан тұңғыш президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығына ие.

Жаңалықтар
0