10:29 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (195)
143 0 0

БАҚ беттерінде адамның вакциналанғанын растайтын электронды құжатты сату бойынша жаңа бизнестің пайда болғаны туралы ақпарат жарияланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Алматы әкімдігі қалада вакцина салдырғанын растайтын паспорттың сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде адамның вакциналанғанын растайтын электронды құжатты сату бойынша жаңа бизнестің пайда болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты бар екенін, оның заңмен қудаланатынын мәлімдеді.

"Ақпарат жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазірге дейін вакцина салдырғанын растайтын электронды паспорт беру фактісі расталмады. Сонымен қатар барлық медициналық ұйым мен республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының ақпараттық жүйесі мен деректер қорын салыстырып тексеру басталды", - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Егер ақпарат расталса, тергеу қорытындылары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Сондай-ақ қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинаға қатысты ақпараттық жүйелерге рұқсаты бар қызметкерлермен алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Министр Цой отандық вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтты

Айта кетейік, бұған дейін вакцина салдырғанын растайтын паспорт екпе салдырған емханаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында сатылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (195)

Тақырып бойынша

Қазақстандықтар қытайлық вакцинаны салдыра алады
Шымкент "қызыл" аймаққа қайта оралды
Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады – министрлік түсініктеме берді
Тоқаев қоронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып