Қоғам

Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады – министрлік түсініктеме берді

© AP Photo / Anupam NathМедик держит в руках шприц с вакциной от коронавируса
Медик держит в руках шприц с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
"Самұрық-Қазына" қоры қытайлық "Sinopharm" компаниясы "Vero Cell" атауымен жасаған вакцинаның бір миллион дозасын сатып алды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына кіретін компаниялардың қызметкерлері коронавирусқа қарсы Hayat Vax (Vero Cell) вакцинасын салдыра алады. Қытайлық екпе Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Самұрық-Қазына" қоры қытайлық вакцинаның бір миллион дозасын сатып алды. Оны қытайлық "Sinopharm" компаниясы "Vero Cell" атауымен жасады. Ал Біріккен Араб Әмірліктері соның негізінде "Hayat Vax" вакцинасын шығарды.

"Sinopharm" компаниясы жасаған вакцина бірыңғай дистрибьютордың ("СК Фармация") хабтарына жеткізілгеннен кейін алдымен холдинг контингентінің қажеттілігіне қарай қолданылады. Содан соң қалған вакцина халық арасында екпе алуға ниет білдірген адамдарға таратылады", – дейді министрлік мамандары.

Бүгінде қытайлық вакцинаны жеткізу кестесі бекітілді. Оған сәйкес, 30 сәуірге дейін 400 мың доза, ал мамыр айында 600 мың доза жеткізіледі.

Айта кетейік, Vero Cell-дің араб еліндегі баламасы – Hayat Vax "өмір" деген мағынаны білдіреді. Бұл – инактивті вакцина. Сақтау температурасы +2-ден +8 градусқа дейін. Вакцинаны араға 14 күн салып, екі рет егеді.

Оқи отырыңыз: QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда коронавирусқа қарсы екі вакцина салынып жатыр. Олар – Қазақстанда шығарылған ресейлік "Спутник V" және отандық "QazVac" вакцинасы.

Жаңалықтар
0