Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске
Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Алматыда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 22 адам коронавирустан, төрт адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Алматыда COVID-19-дан 13 адам, Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысында – 6, Шымкент, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облысында 3 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Цой эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақтанғанын айтты

Пневмониядан қайтыс болғандардың екеуі Жамбыл облысында, қалғандары Ақмола және Ақтөбе облысында тіркелді.

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 621 адам, ал тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері бар пневмониядан 786 науқас көз жұмды.

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 486 адам короновирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 14 705 пациент стационарда, 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 770 адамның жағдайы ауыр, 193 адам өте ауыр жағдайда жатыр. 109 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0