Қоғам

Бұрынғы қаржы министрі дүниеден озды - Назарбаев көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Елбасы Александр Бацула есепшіден Қазақ КСР-нің қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір –  Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Ол есепшіден Қазақ КСР-нің қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосты. Мен оны республиканың Министрлер кеңесінде бірге жұмыс істеген кезімізден жақсы білуші едім. Александр Ефимович жоғары кәсіби біліктілігімен, берік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: Назарбаев көрнекті қаламгердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақ КСР-нің бұрынғы қаржы министрі Александр Бацула Алматы қаласында 94 жасында өмірден озды.

Ол Қазақ КСР қаржы министрлігін 1984-1990 жылдар аралығында басқарған.

Жаңалықтар
0