Қоғам

"СК-Фармация" экс-басшысының әрекеті дәрігерлердің вирус жұқтыруына әкелді – прокурор

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЗаместитель председателя комитета охраны общественного здоровья Берик Шарип
Заместитель председателя комитета охраны общественного здоровья Берик Шарип - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында Берік Шәріпке қатысты сот отырысы өтіп жатыр, оған екі бап бойынша айып тағылуда

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір - Sputnik. "Нұр-Сұлтан" қаласының Есіл аудандық сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алғашқы сот отырысы басталды.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы және 287-баптың 2-бөлігі бойынша қаралып жатқанын хабарлады.

Прокурор Дастан Күпербаев "СК-Фармация" экс-басшысының заңсыз әрекеті салдарынан екі мыңнан астам дәрігер коронавирус жұқтырғанын айтты. Оларға мемлекет тарапынан өтемақы төленді.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармацияның" экс-басшысы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына нұқсан келтірген

21 сәуір күні "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алдын ала сот тыңдауы өткен болатын.  

Денсаулық сақтау министрлігі жәбірленуші ретінде танылды. Отырыс барысында Берік Шәріп қамаудан босатуды сұрады, бірақ судья Қанат Дүйсембиев бас тартты.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылы 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

Жаңалықтар
0