Қоғам

Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды

© Photo : министерство здравоохранения КазахстанаАлексей Цой QazVac екпесін салдырды
Алексей Цой QazVac екпесін салдырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрінің отандық вакцинаны салдырған сәті Хабар24 телеарнасы мен министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды және оны тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық QAZVAC вакцинасы мен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды. Ведомство басшысының вакцина салдыру сәті Хабар24 телеарнасы мен министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс

Айта кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және аймақтар бойынша 50 мың доза мөлшерінде таратылаған қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыру басталды (QAZVAC).

Жаңалықтар
0