Қоғам

Саясаттанушы Дастан Қадыржанов дүниеден өтті

© Photo : bobbi7Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото
Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Дастан Қадыржановты білетіндер отбасы мен достарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы және публицист Дастан Қадыржанов қайтыс болды. Бұл туралы Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев мәлімдеді.

"Әлі де сене алар емеспін. Дастан Қадыржанов әрқашан өзінің өткір ақылымен, кең дүниетанымы және шығармашылық қиялымен ерекшеленді. Ол біздің халқымыздың барлық тарихи кезеңдерін дәл суреттей білді", - деп жазды Алтаев әлеуметтік желіде.

Дастан Қадыржанов - Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі.

Оқи отырыңыз: Қазақтың тағы бір ақыны дүниеден өтті

Қадыржанов 1966 жылы 2 қазанда Алматыда дүниеге келген. Ол тарихшы-шығыстанушы, Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын бітірген. 1984-1986 жылдары КСРО қарулы күштері қатарында болды. Бірнеше кітаптың авторы.

Жаңалықтар
0