Қоғам

Алматыда Арбатта серуендеуге болмайды: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневНаклейка на полу "Соблюдайте дистанцию"
Наклейка на полу Соблюдайте дистанцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Алматы қаласы қазіргі кезде коронавирустың "қызыл" аймағында тұр. Жандарбек Бекшин бекіткен құжат 24 сәуірде күшіне енеді

Нұр-Сұлтан, 23 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала мекемелеріндегі Ashyq қосымшасының жұмысына қатысты жаңа қаулыға қол қойды.

Құжат 24 сәуірде күшіне енеді.

Қаулыда Жібек жолы даңғылымен Аблайхан көшесіне дейін және Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады.

Сондай-ақ Медеу саябағына келушілер маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауы тиіс.

Осындай талап Шымбұлақ тау шаңғысы кешенінде де сақталады (750 адамға дейін).

Оқи отырыңыз: Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев

Вакцинация пункттері бар объектілерді қоспағанда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне сенбі, жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал қызмет көрсетуге рұқсат етілген нысандар демалыс күндері сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін, ал жұмыс күндері 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Алматыдағы нысандардың жұмысына қойылатын шектеулер туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.

Жаңалықтар
0