Қоғам

ҚТК басшысының экс-орынбасары 72 миллион теңге айыппұл арқалады

© Photo : Антикоррупционная служба Старший следователь следственного департамента аентства по противодействию коррупции Данияр Бигайдаров
Старший следователь следственного департамента аентства по противодействию коррупции Данияр Бигайдаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ  басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары 2,4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ  басқарма төрағасының бұрынғы орынбасарына пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының үкімімен "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа параның отыз еселенген сомасы, яғни 72 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Биғайдаров брифингте.

Өсербаев "ФН Менеджмент" ЖШС директоры Тәжібаевтан 2,4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол параны мүлікті басқару бойынша ұйымдастыру қызметін көрсету туралы келісім аясында орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қою үшін сұраған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

Сонымен қатар, Биғайдаровтың айтуынша, дәл сол сот үкімімен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0