19:12 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1611 0 0

Медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлердің арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, отандық QazVac-пен вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі.

"Спутник V пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: "Спутник V" немесе QazVac-ты салғыза алады", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлады.

Бүгінде QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

Тақырып бойынша

Тоқаев Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысын сынға алды
Қостанай облысында вакциналау тоқтатылды
Нұр-Сұлтанда тағы екі сауда орталығында вакцина егу пункті ашылды
Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады
Желіде тараған ақпарат қазақстандықтарды алаңдатып қойды
Кілт сөздер:
Қазақстан, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып