Қоғам

Тоқаев Ермекбаевқа Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыруды тапсырды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана В Мангистауской области началось совместное оперативно-тактическое учение "Калкан - 2021"
В Мангистауской области началось совместное оперативно-тактическое учение Калкан - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Жоғарғы бас қолбасшы мен қорғаныс министрі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Жоғарғы бас қолбасшыға ведомствоның биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысы, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тәртібі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрес жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Нұрлан Ермекбаев әскери медицинаның ПТР-зертханалармен қамтылуы жайында айтты. Министрдің сөзінше, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі зертхана іске қосылған, ал Ақтау мен Семейде мобильді кешен жұмыс істеп тұр. Офицерлер мен сарбаздарға вакцина салу жалғасуда. Бүгінде Қарулы күштер құрамының 20 процентіне екпе егілген.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда әскери ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болды – алдын ала мәлімет 

Министр мемлекет басшысына "Алтын жебе" арнайы операциясы және "Қалқан-2021" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, сондай-ақ, екінші жартыжылдыққа жоспарланған "Отпантау" стратегиялық оқу-жаттығуға дайындық жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастық бағыттары, Қарулы күштерді әскери техникамен жабдықтау, Қарулы күштердің тұжырымдамасын дамыту жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы, 2022 жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.

Кездесу соңында Жоғарғы бас қолбасшы қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0