Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / MIGUEL SCHINCARIOLПациент в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Пациент в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Коронавирус індетінен емделіп жатқан науқастардың саны 40 мыңнан жоғары, оның 14 мыңнан астамы стационарда

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 29 адам, вирустық пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тәулік ішінде 2 894 адамнан коронавирус инфекциясы және 107 адамнан пневмония анықталды.

23 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 40 441 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 387-і стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда QazVac-пен вакциналау 26 сәуірде басталады

КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:

  • ауыр жағдайда – 689 науқас;
  • өте ауыр ауыр жағдайда – 171 науқас;
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында – 97 науқас.
Жаңалықтар
0