Қоғам

Қазақстандықтар енді Ресейге үшінші елдерден ұшып бара алады

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясына тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұша алатын еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар Ресейге үшінші елдер арқылы әуе рейстерімен ұшып баруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Қазақстанның осы мемлекеттегі елшілігі хабарлады.

Мұндай тәртіп Ресей Федерациясы үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі N 963-ө өкімімен қарастырылған.

"Енді Қазақстан азаматтары Ресейге тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген барлық елдердің рейстерімен ешқандай кедергісіз ұшып келе алады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ресей келесі елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асырады: Қазақстан, Ұлыбритания (2021 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылды), Танзания (белгісіз мерзімге тоқтатылды), Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Оқи отырыңыз: Шетелден ПТР-анықтамасыз оралғандарға 1 миллион теңге жұмсалады 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтары Ресейге тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұшып бара алатын, үшінші елдер арқылы ұшу осы елдерде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін болған. Қазіргі уақытта бұл тәртіп тек Беларуське қатысты сақталып отыр, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары Белорусьте тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана Ресейге ұша алады.

Сондай-ақ, елшілік Ресейге кіру кезінде шекарадан өткенге дейін кемінде 72 сағат бұрын берілген ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама қажет екенін хабарлады.

Жаңалықтар
0