Қоғам

Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Отандық вакцинаның алғашқы партиясы Биоқауіпсіздік поблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында өндірілген

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 22 сәуір — Sputnik. Ведомствоаралық комиссияның басшысы, вице-премьер Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында дайындалған қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясын тиеу шарасына қатысты және Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский аулындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты.

Алғашқы 50 000 доза Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Тоғжанов ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, іске қосу-реттеу және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты іске қосу жұмыстары басталды.

Жаңалықтар
0