Қоғам

"Зардабы ауыр оқиғаға куә боламыз": Мұсабаев премьердің назарын маңызды мәселеге аударды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаСенатор Талғат Мұсабаев
Сенатор Талғат Мұсабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Сенатордың айтуынша, мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық компаниясына берілген

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Сенат депутаты Талғат Мұсабаев ұшу қауіпсіздігі саласындағы проблемаларды көтерді. Сенатор авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша функцияларды төтенше жағдай министрлігінің құзыретіне беру керек деп санайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Талғат Мұсабаев премьер-министрдің атына жолдаған сауалында азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады.

Ол заң бойынша азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылаумен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті айналысуы керек екенін атап өтті. Алайда бұл мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық компаниясына берілген.

Сенатор мәселені зерек ақылға салып, оның шешімін заңды арнаға бағыттауды ұсынады. Сондықтан да азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санайды.

"Ал "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру керек немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беріп, мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет", – деді Мұсабаев.

Сонымен қатар ол  авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тергеуді төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық аймақтық тергеу органдарына беруді ұсынды.

Айтуынша, бұл мүдделер қақтығысына жол бермеу және тергеудің сапасы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажет.

"Әйтпесе біз зардабы ауыр кезекті авиациялық оқиғалар мен жағдайлардың куәсі болуымыз мүмкін", – деді Мұсабаев.

Оқи отырыңыз: Республикалық санитарлық авиация орталығы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Депутат аталған проблемаларды шешу үшін тәуелсіз комиссия құру қажет екенін айтты. Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті де кіруге тиіс.

Жаңалықтар
0