Қоғам

Атышулы жол апатына қатысты жұмыстан кеткен экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Үш жыл бұрын Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев бір адам көз жұмған жол апаты бойынша істе куәгер ретінде жауап берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Үш жыл бұрын жол апатына қатысты басы дауға қалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды.

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Тұмабаев ведомствода экспортты алға жылжыту департаментінің директоры ретінде еңбек етуде.

Естеріңізге салсақ, Тұмабаев 2017-2018 жылдары аралығында Өскемен қаласы әкімінің қызметін атқарды. 2018 жылдың сәуірінде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде қайғылы жол апаты болды. Көлік жүретін жол бойымен кетіп бара жатқан жас жігітті қағып өлтірген көлікті Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманғалиев жүргізгені белгілі болды. Ал оның қасында Қуат Тұмабаев отырғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Риддердегі атышулы жол апаты: әкімнің орынбасарына үкім шықты

Жол апатынан кейін Тұмабаев көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда оны көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.

Тұмабаев сотта бұл әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Экс-әкімнің айтуынша, ол жол апаты орнынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция машинасын жедел жәрдем көлігі екен деп қалып, оны қуып жетпек болған.

Осы оқиғадан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Тұмабаевқа қызметтен өз еркімен кетуді ұсынды. Ахметов мұндай жағдайдан кейін Тұмабаев "жоғары басшылық қызметте қала алмайтынын, оған моральдық құқығы жоқтығын" мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0