Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске
Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Коронавирус індетінен 14 мың науқас стационарда, 26 мың адам үй жағдайында емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 24 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тәулік ішінде 2 893 адамнан коронавирус инфекциясы және 123 адамнан пневмония анықталды.

22 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 39 859 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 034-і стационарда, ал 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:

  • ауыр жағдайда – 679 науқас;
  • өте ауыр ауыр жағдайда – 181 науқас;
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында – 100 науқас.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа дерек жарияланды

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 3 483 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0