Қоғам

Алматыда қар жауды – фото

© Photo : Айгерім ТаубайАлматыда қар жауды
Алматыда қар жауды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Қазіргі кезде қала ішінде көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы материалдар себіліп жатыр

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Алматыда 21 сәуірден бері қар жауып жатыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін қалаға 6-8 сантиметр қалыңдықта қар түсті.

"21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 сантиметр, ал қала ішінде 6-8 сантиметр қар түсті", – делінген ақпаратта.

Соған байланысты көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға жалпы көлемі 243 тоннаны құрайтын арнайы материалдар себіліп жатыр.

© Photo : Айгерім ТаубайАлматыдағы тротуарларды қардан тазарту жұмыстары жүгізілуде
Алматыда қар жауды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Алматыдағы тротуарларды қардан тазарту жұмыстары жүгізілуде

Тротуар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамасы, автотұрақтар мен жер үсті өткелдерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмысына 395 техника, оның ішінде 136 құмсепкіш пен 965 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

© Photo : Айгерім ТаубайҚар басқан көлік
Алматыда қар жауды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Қар басқан көлік

Қазгидрометтің болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын 22 сәуір түске дейін жауады.

Алматы полициясы үндеу жолдады

Сонымен қатар, ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне арнап үндеу жолдады.

© Photo : Айгерім ТаубайАлматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады
Алматыда қар жауды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады

"Қала жүргізушілерін жол ережелерін, көлік жүргізу мәдениетін қатаң сақтауға шақырамыз. Көптеген автокөлік жүргізушісі көлік дөңгелегін жаздыққа ауыстырып үлгергені белгілі. Сондықтан біздің үндеуіміз қала жолдарында апатты жағдайларды болдырмауға ықпал етеді деп санаймыз", – деді Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Жаңалықтар
0