Қоғам

Алматыда әйел екі жасар ұлын көшеге тастап кеткен

© Photo : Arek SochaРебенок смотрит на свою тень, архивное фото
Ребенок смотрит на свою тень, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Бала тек "ана" деген сөзді айта алады. Қазір оны көшеге қалдырған әйелді Алматы полициясы іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуірапр — Sputnik. Алматыда ер адам көшеден кішкентай баланы тауып алды. Оның туыстарын іздеу туралы хабарландыру әлеуметтік желіде пайда болды.

Волонтерлер екі жас шамасындағы ұл баланың суретін жариялады.

Сәбиді 20 сәуірге қараған түні ер адам Солтүстік айналма жол көшесіндегі аялдамадан тауып алған. Ол баланы өз  үйіне алып кетіп, жуындырып, киімін ауыстырған. Келесі күні полицияға келіп, тастанды бала жайлы хабарлады, деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, баланы №2 клиникалық балалар ауруханасына жеткізген. Қазір бүлдіршін осы медицина мекемесінде жатыр.

"Жетісу ауданы полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері оның анасын іздестірумен айналысуда. Оның кім екені анықталды. Ол – екі баланың анасы, бұған дейін де сенімсіз ана ретінде полиция назарында болған. Алатау аудандық полиция басқармасы әйел осы баланы бірнеше рет көшеге қалдырғанын хабарлады. Қазір оның қайда екені анықталып жатыр. Әйелге қатысты заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - деді полиция.

Алатау аудандық полиция қызметкерлері расында да бұл баланы таныған.

"Бұл бүлдіршіннің анасына қатысты жағдай балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірнеше рет қаралды. Алайда ол әйел сабақ алмаған секілді. Баланың үсті-басы лас, киімі де ескі болған. Оны тауып алған ер адам баланы жуындырып, таза киім кигізген", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Бала "ана" дегеннен басқа сөз айта алмайды. Ол тіпті өз есімін де атаған жоқ.

Жаңалықтар
0