Қоғам

Дәрігер адамның туған күні оның денсаулығына қаншалықты әсер ететінін айтты - видео

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПрием лекарств
Прием лекарств - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Маусымда туғандарда инфаркт, тамызда туғандарда демікпе жиі кездеседі: ғалымдар адамның туған күні мен жиі сырқаттанатын ауру арасындағы байланысты анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Адамның қандай да бір ауруға бейім болуы бала кезден байқалады. Ғалымдар оның туған айға тікелей байланысы бар деген қорытынды жасаған.

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников адам туған айдың қандай да бір аурумен сырқаттанудың арасындағы байланысты түсіндірді. Бұл туралы "Россия 1" телеарнасына айтты.

Дәрігер 1,5 миллионнан астам адамның қатысуымен тиісті зерттеу жүргізген АҚШ-тағы Колумбия университетінің мәліметтеріне сүйенді.

Оған сәйкес, қаңтарда туған адамдарда жоғары қан қысымы мен жүрек бұлшықетінің белгісіз дерті жиі кездеседі. Ақпанда дүниеге келгендерде тыныс алу жүйесіндегі қиындықтар, қатерлі өкпе ісігі секілді аурулар жиі анықталған. Наурызда туғандар жүрек пен жүрек соғуының ырғақсыздығы секілді ауруға бейім.

Сәуірде туған адамдар жүрек қыспасы, ишемиялық кардиомиопатияға бейім. Ал мамырда дүниеге келгендердің көбі салмағы аз болып туған. Маусымда туғандар миокард инфарктісіне, шілдеде туғандар қан қысымының жоғары болуы мен зәр шығару жолдары ауруларына, тамызда туғандар демікпеге бейім келеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жиі ішетін дәрінің зияны анықталды

Қыркүйекте туғандардың көбінде асқазан-ішек жолдары мәселесі жиі кездеседі. Соған байланысты оларда жүрек айну, құсу жиі болады.

Жедел респираторлық аурулар, жедел респираторлық вирустық аурулар қазанда туған адамдарда жиі кездеседі. Қарашада туғандардың басым бөлігінде жүректің ишемиялық ауруы, жүректің соғу ырғақтылығының бұзылуы, қатерлі өкпе ісігі кездеседі. Жарақат алу, көгеру желтоқсанда туғандарда көп болады, деп түйіндеді Мясников.

Зерттеу нәтижесі осылай болғанымен екеуінің арасындағы байланысты логикалық түрде түсіндіру мүмкін емес. Дәрігер тамызда туған адамдарда демікпенің жиі кездесуін сол уақыттағы аллергия маусымымен байланыстырды. Дей тұрғанмен дәрігер мұндай байланыстың ғылыми негізі жоқ екенін де айтты.

Сондай-ақ адамның қандай да бір ауруға бейім болуы оның  генетикасына байланысты емес. "Бұл статистикалық факт", - деді дәрігер. Маман ауруды адам өскен алғашқы алты айдағы жағдаймен де байланыстырды.

Мясников адам денсаулығына әртүрлі фактор әсер ететінін айтты. Мысалы, маусымдық вирустар, дәрумен мен микроэлементтердің жетіспеушілігі, аллергия. Жүктілік мерзімі ауа райы суық болатын кезеңге тура келетін әйелдер тұмау жұқтыруға бейім, бұл да баланың денсаулығына әсер етеді.

Жаңалықтар
0