Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Коронавирус індетінен емделіп жатқан науқастардың саны 40 мыңға жуық, оның 14 мыңы стационарда

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 23 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тәулік ішінде 2 296 адамнан коронавирус инфекциясы және 135 адамнан пневмония анықталды.

21 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 39 318 адам ем қабылдап жатыр, оның 13 756-і стационарда, ал 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер қойылады – жаңа қаулы

КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:

  • ауыр жағдайда – 671 науқас;
  • өте ауыр ауыр жағдайда – 185 науқас;
  • жасанды тыныс алдыру аппаратында – 101 науқас.
Жаңалықтар
0