15:33 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Ермек Көшербаев "Ресей және Қазақстан: стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастыққа 30 жыл" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев қазақтардың тарихи өз аталымын қалай қалпына келтіргені туралы әңгімеледі.

Ермек Көшербаев "Ресей және Қазақстан: стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастыққа 30 жыл" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"1925 жылы 19 сәуірде Қызылорда қаласында (бұрынғы атауы –  Ақмешіт қаласы) Қырғыз ұлтына "қазақ" атауын қайтару туралы Бесінші бүкілқазақ кеңестер съезінің №114 қаулысы қабылданды. Оқып берейін: "Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін Бесінші бүкілқазақ кеңестер съезі қаулы етеді: бұдан былай қырғыздар қазақ деп аталсын", - деді Көшербаев конференцияға қатысушыларға.

Онлайн кездесу тарихи мәселелер бойынша пікірталастарды саяси арнадан сарапшылық және ғылыми қоғамдастыққа бұруға негіз қалайды, деп атап өтті ол.

"Қазір Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар кетіп жатыр, жаңа ұрпақ сыртқы факторлардың, объективті және субъективті жағдайлардың әсері болса керек, біздің жүріп өткен жолымызды ұмыта бастады.Оқиғалар ағымы дұрыс түсіндірілмеген жағдайда түсініксіз жағдайлар пайда болады. Осыған байланысты тарихшылардың мұндай кездесуі өте маңызды. Біздің мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тарихты саясаткерлер емес, тарихшылар зерттеуге тиіс", - деп толықтырды Көшербаев. 

Мәскеудегі Ресей ғылым академиясының шығыстану институтында "Ресей және Қазақстан: стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастыққа 30 жыл" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Ресей ғылым академиясының шығыстану институты. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі қолдау көрсетті.

Загрузка...

Басты тақырып