Қоғам

Қазақстанда ауылға барған дәрігерлерге 3 миллион теңге көтермеақы төленеді

© Photo : СС0 / Darko StojanovicВрач
Врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Елімізде көтерме жәрдемақысын 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін өсіру, ауылға жұмысқа келген мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту, жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Ауылға жұмысқа барған дәрігерлерге төленетін көтермеақы он есе, 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Сонымен қатар жас мамандар міндетті баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазір ауылдарда 14 804 дәрігер жұмыс істейді. Салынып жатқан нысандарды ескерсек, тағы 3 104 медицина қызметкерін тарту қажет болады.

"Ауылдарда денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірлесіп мынадай шараларды қарастырдық: көтерме жәрдемақысын 100-ден 1000 АЕК-ке (291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге) дейін өсіру; ауылға жұмысқа келген мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту; жалақыны 2023 жылы экономикадағы орташа жалақыға, 2,5 есеге дейін кезең-кезеңмен ұлғайту", - деді Цой үкімет отырысында.

Нәтижесінде ауылдар 2023 жылға қарай жалпы практикадағы дәрігерлермен және салалық мамандармен 100% қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді

Бұған қоса, министрдің сөзінше, 2025 жылға қарай жыл сайын 7,3 мың маман оқытылады.

Жаңалықтар
0