Қоғам

"Ол әркез жадырап жүретін": президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Ғазиза Мәкешқызы 1993 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеді

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның дүниеден өтуіне байланысты әртістің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады.

"Ол бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Сондықтан да Ғазиза Мәкешқызы әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 18 сәуірде 73 жасында танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.

Актриса 1948 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысында дүниеге келген.

1970 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында актер бөлімін бітірді.

1969-1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет атқарған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Назарбаев Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

1993 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0