Қоғам

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысына тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Қазақстан президенті бизнестің жұмысына заңсыз араласатын және көлеңкелі айналымға қамқорлық көрсететін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатаң қарауға қатысты міндеттер жүктеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаевқа президенттің биыл 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Ахметжанов агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, бизнестің жұмысына заңсыз араласатын және көлеңкелі айналымға қамқорлық көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатаң қарауға қатысты міндеттер жүктеді.

Тағы оқыңыз: Алик Шпекбаев агенттік төрағасы ретінде несімен есте қалды

Тоқаев агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық тәжірибені зерделеу және мемлекеттік органдардың қызметін тиісінше үйлестіру бөлігінде халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

16 сәуірде президент жарлығымен Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған еді. 

Агенттіктің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаев қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0