Қоғам

"Орны толмас қайғы": Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандасының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз ретінде мәңгілік сақталады, деп атап өтті Қазақстан президенті

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Хат мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты 

"Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандасының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр  тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Мяликгулы Бердымұхамедов 1932 жылы 12 тамызда туған. Ішкі істер органдарының отставкадағы подполковнигі 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Жаңалықтар
0