Қоғам

Торт жеп жатқан қойлар қазақстандықтарды таңғалдырды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевСтадо овец
Стадо овец - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары мал иесі қойға әлдеқашан мерзімі өтіп кеткен тортты берді деп болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Желіде торт жеп жатқан қойлар жайлы видео жарияланды.

Ролик "Қойлардың үлкен тату отбасында туған күн" деп аталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Все Новости Павлодар! (@pavlodar_inform)

Кадрда автор тәттілер салынған ақырды көрсетеді, содан кейін қой қораға кіріп, оларды шығарады.

 "Құрметті қонақтар, қош келдіңдер. Бүгін біздің үйдегі бір қойдың туған күні. Соны құрметпен шақырып алайық. Қарсы алыңыздар, қойлар мен олардың балалары. Ең еркесі бүгін бір жасқа толып отыр. Астарың дәмді болсын, торттан жеп отырыңдар. Шай кейінірек болады", - дейді кадр сыртындағы ер адам.

Кейбір қазақстандықтар ауыл тұрғындары малға мерзімі өткен торттарды берді деп болжады. Қолданушылардың тағы бір бөлігі "әзіл сәтті шықты, қойлардың мерекесі "аста-төк" өтіп жатқанда, қазақтар өміріне шағымдана бермеу керек" деген пікір білдірді.

Жаңалықтар
0