17:31 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (813)
165 0 0

Қазақстандықтар коронавирус жұқтырып-жұқтырмағанына байланысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге "бөлініп", кейбір мекемелерге QR-код арқылы кіргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Ashyq мобильді қосымшасы пилоттық режимде 17 қаңтарда іске қосылды. Алдымен оған үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қатысты. Ал бүгінде Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысының кәсіпкерлері тартылды. Түркістан, Павлодар, Өскемен кәсіпкерлері де жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Жоба карантинге байланысты қызметі шектелген бизнес субъектілеріне жұмысын қайта бастауға мүмкіндік береді.

Ashyq деген не

Ashyq – кәсіпкерлерге карантин кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қосымша. Мобильді қосымша қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді. Қандай да бір мекемеге кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код әлгі адамның статусын анықтайды. Азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

QR-код кімдерге беріледі

QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Кәсіпкерлер жобаға қатысу үшін InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы өзінің QR-кодын алады.

Бір нысанға кіруді және шығуды тіркеу үшін кем дегенде екі QR-код беріледі. Егер ғимараттың бірнеше есігі болса, әрбіріне жеке QR-код қарастырылады.

Келушілер не істеуі керек

  • Ashyq мобильді қосымшасын телефонға жүктеу;
  • телефон нөмірі арқылы авторизация жасау;
  • ЖСН енгізу;
  • өзінің келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу.

Сондай-ақ ғимараттан шығар кезде де QR-кодты сканерлеу қажет.

"Ashyq" мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

Смартфон болмаған жағдайда

Егер келген адамның өзімен бірге телефоны болмаса немесе қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаса, мекеме қызметкері ЖСН арқылы ақпараттық базадан оның статусын тексереді.

Кімдер ғимаратқа кіргізілмейді

Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі.

"Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. Яғни оның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Мұндай статустағы адамдар үйден шықпауы тиіс.

"Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. Оларға үй маңындағы азық-түлік дүкендеріне немесе дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

Тағы оқыңыз: Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма

"Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.

"Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады.

"Қызыл" немесе "сары" статус шыққан клиенттер мекемеге кіргізілмейді.

Тұрғындар өз статусын қалай біле алады

Ashyq жобасының әр қатысушысына QR-код беріледі. Тұрғындар оны скриндеп немесе суретке түсіріп, смартфонына сақтай алады. Кейін QR-коды бар суретті басқа телефонға жіберіп, өз смартфонымен сканерлеп, статусын біле алады.

Ashyq жобасы

Ashyq жобасы Қазақстанның бірнеше қаласында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. 26 сәуірден кейін оған барлық өңірдің кәсіпкерлері қосыла алады.

Қазір Ashyq мына нысандарда қолданылады:

  • фитнес-клубтар, йога-орталықтары;
  • СПА-орталықтар;
  • сауналар, бассейндер;
  • компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда (16 жасқа толмағандарға шектеу бар);
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • банкет залдары, асхана, фастфуд, стрит-фуд сияқты орындарды есепке алмағанда қоғамдық тамақтану нысандары.

21 сәуірден бастап жобаға мыналар қатыса алады:

  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары.

5 мамырдан бастап қатысатындар:

  • караоке;
  • "жасыл" аймақтағы банкет залдары (бір залда 50 адамнан көп болмауы керек және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр аумақ қарастырылуға тиіс).
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (813)

Тақырып бойынша

Жандарбек Бекшин Ashyq мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Ashyq қосымшасында адам денсаулығына қатысты деректер 14 күн сайын өзгереді
Кілт сөздер:
бизнес, карантин, мобильдік қосымша, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып