16:18 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1601 0 0

Өткен жылы қазақстандық әскерилер Ресей астанасында ұйымдастырылған Жеңіс парадына қатысқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович айтты.

"Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысуы жоспарланбаған. Ал өткен жылы біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысқаны белгілі", – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар Виталий Адамович Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу туралы да айтып өтті.

Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық аймақтарында онлайн режимде өтетін болады.

Сондай-ақ, "Жас сарбаз" қозғалысының бірқатар іс-шаралары жоспарлаған. Атап айтқанда, жас патриоттар Қарулы Күштер ардагерлерін құттықтайды. Әр аймақта эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиналыстар өтеді. Ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.

Оқи отырыңыз: Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді

7 және 9 мамырда ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды республикалық телеарналар мен "Жас сарбаз" ұйымының және қорғаныс министрлігінің YouTube каналынан көруге болады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған парад болмайды.

Тақырып бойынша

Әскери ұшқыш халықты Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады – видео
Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндірді
Қазақстандағы ірі әскери маневрлер қалай өтті – видео
Қазақстан Қырғызстанға тегін әскери-техникалық көмек көрсетуге дайын
Бакуде Таулы Қарабақтағы жеңіс құрметіне арналған әскери шеру өтеді
Кілт сөздер:
отан қорғаушы күні, Жеңіс күні
Загрузка...

Басты тақырып