05:28 16 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2863 0 0

Танымал әнші ыстығы 39°С болып ауырып тұрса да, сахнаға шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық әнші Бейбіт Қорған сырқаттанып тұрып саханаға шыққан сәтін еске алды. Оның айтуынша, сол сәтте көпшілік оның ауырып тұрғанына сенбей, өтірік істеді деп ойлаған.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

"Домбырамен ән айтқан жараса ма? Температура 39°С болып ауырып тұрсам да, сахнада көрсетпеуге тырысқанымды кейбір адам өтірікке санап, нанбады! Бірақ Алланың алдында өтірікші емес екенімді біліп жүрсем жетер! Ең бастысы орындап шықтым!", - деп жазды Бейбіт Қорған.

Әнші жариялаған видеодан әңгіменің отандық телеарналардың бірінде көрсетілген "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасы туралы екенін байқауға болады. Әнші ол жерде домбыра алып, "Дүние-ай" әнін орындаған. Бағдарлама бір жыл бұрын көрсетілді.

"Ел алдында уәде бергендіктен қатыстым. Ең бастысы уәдемде тұрдым. Қалғанын уақыт көрсетер. Амандықта жолығайық, достар!", - деп жазды әнші.

Ән орындап болған соң Бейбіт Қорған сахнада өзінің сырқаттанып тұрғанын айтады.

Ал қазылар алқасы құрамында отырған Тоқтар Серіков Бейбіт Қорғанның халық әнін таңдағанына қуанып отырғанын айтып, оны "Бейбіттің жаңалығы" деп атаған.

Оқи отырыңыз: Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео

"Сахнада ойнап, билеп жүретін Бейбітті көріп үйренген қазақтар оны домбырамен көргенде таңғалатын шығар деп ойлаймын. Тыңдап, риза болып отырмын. Халық әнінде мін жоқ, оған мін айтуға біздің шамамыз жетпейді", - деді Серіков.

Айта кетейік, Бейбіт Қорған 1981 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында туған. "Шоқ қыздар", "Сен", "Тыңдашы жаным", "Қасымда бол", "Толғанай" секілді көпшілікке таныс әндерді орындайды.

Кілт сөздер:
әнші, бағдарлама
Загрузка...

Басты тақырып